Жаңалықтар

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлы кітапханамыздың қорына «Бір уыс топырақ» атты кітабын сыйға тарту етті, барлығы 5 дана. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.03.2025

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс» атты кездесу кеші

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім мен Зағиптар клубының бірлесуімен «Шын жүректен алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шара Зағиптар клубының қабырғасында өтті. Кештің басты мақсаты – қоғамдағы алғыс айту мәдениетін дамыту, бір-біріне деген құрмет пен сыйластықты арттыру болды. Шара барысында клуб мүшелері мен кітапхана оқырмандары өз алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.Әр түрлі ұлт өкілдері өмірлерінде кездескен игі жандар туралы естеліктерімен бөлісіп, өзара ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар бірліктің, татулықтың және қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу жылы әрі шынайы әңгімеге толы болды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, осындай тағылымды іс-шаралардың жиі өткізіліп тұратынына сенім білдірді. Бұл кеш әр адамның жүрегінде мейірімділік пен ризашылықтың маңызын ұғынуға себеп болды.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.03.2025

«Кешкі кітапхана әлемі» жобасы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасынан қойылым көрсетілді.

28 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана әлемі» жобасы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасынан қойылым көрсетілді. Кешкі кітапхана әлемінде оқырмандар назарына ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып әндері мен поэмаларымен таныстырылды. Шара барысында оқырмандар арасынан суырылып шыққан Көксу ауданы «Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектеп» оқушысылары Рахатқызы Айша, Қизат Бақнұр,Таласбай Бағлан нақышына келітіріп ақынның өлеңдерін оқыса, ары қарай шара көркін қыздырған Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық «Жас актер» театрының Алтай-Атырау поэмасын қойылыммен жалғасын тапты.
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.02.2025

Қадырғали Жалайыридың 495 жылдығына арналған «Жалайыри – қазақтың ғалымы» атты дөңгелек үстел.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың арнайы бөлімінде қазақтың орта ғасырда ғұмыр кешкен дарабоз ғалымы, ұлтын ұйыстырған әділ биі Қадырғали Жалайыридың 495 жылдығына арналған «Жалайыри – қазақтың ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Абейбекова Айнаш ғұлама ғалымның өмір жолына тоқталып, оның ұлт тарихындағы орнын ерекше атап өтті. Ол Қадырғали Жалайыридың XVI-XVII ғасырларда өмір сүріп, қазақ тарихының терең қатпарларын шежіреге айналдырған ірі тұлға екенін жеткізді. Шараға қатысушылар Қадырғали Жалайыридың тарихи мұралары мен еңбектерінің маңыздылығына кеңінен тоқталып, оның асыл мұралары жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ, оқырмандар қазақ даласының данагөй шежірешісі өз еңбегінде Қазақ хандығы мен көрші елдердің өткені мен өркендеу кезеңдерін байыпты баян етіп, «Жамиғат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») арқылы ұрпаққа құнды дерек қалдырғанын, бұл еңбек – қазақ халқының баға жетпес рухани...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.02.2025

Қазақ халқының әйгілі әншісі, ақын Байжанұлы Жаяу Мұсаның туғанына 190 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты әдеби сазды кеші өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 25 ақпан күні қазақ халқының әйгілі әншісі, ақын Байжанұлы Жаяу Мұсаның туғанына 190 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты әдеби сазды кеші өтті. Жаяу Мұса Байжанұлы әнші, ақын, композитор 1835 жылы 18 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің маңында дүниеге келген. Әкесі Байжан кедей болған. Анасы Нақыш ертеректе дүние салып, Мұса Байжанның ағасы Тайжанның қолында тәрбиеленеді. Жеті жасында хат таниды. Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Ақынның ең танымал «Көкаршын», «Ақ сиса», «Хаулау», «Сапар» өлеңдері заман шындығын жырлауға арналған. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ғасыр үні» атты бейнеролик көрсетіліп, Дәнеш...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.02.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика